
Шығыс Қазақстан филиалының құрылымында:
- Әкімшілік
- Филиал директоры
- Филиал есепшісі
- Кітапхана қызметкерлері
- Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету және қорды сақтау бөлімі
- Техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлерімен жұмыс істеу секторы
- Басқа персонал
«РҒТК» КЕАҚ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету және қорды сақтау бөлімі
Бөлім келесі қызметтерді көрсетеді:
- оқырмандарды тіркеу;
- абонементте және оқу залында әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды беру;
- пайдаланылған құжаттарды көшіру/ сканерлеу;
- тақырыптық іріктемелер дайындау;
- таныстырылымдар мен көрмелер дайындау;
- тақырып бойынша электрондық іздеу;
- құжаттарды басып шығару;
- телефон арқылы тапсырыстар қабылдау;
- ӘОЖ бойынша индекстеу;
- каталог залында анықтамалар мен кеңестер беру;
- түптеу.
Нормативтік-техникалық және патенттік құжаттама секторы
Сектор кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ жеке пайдаланушылардың барлық санаттарына нормативтік құжаттар мен өнеркәсіптік каталогтар бойынша кітапханалық-ақпараттық, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді, пайдаланушыларға нормативтік құжаттармен жұмыс істеу бойынша кеңес береді.
Сектордың ақпараттық сервисі:
- құжаттарды электрондық жеткізу (ҚЭЖ);
- нормативтік құжаттар мен мерзімді басылымдарды беру;
- ұжымдық пайдаланушыларға «сұрау–жауап» режимінде қызмет көрсету;
- нормативтік құжаттардың күшін өзектендіру;
- түрлі анықтамалар мен кеңестер беру;
- тақырыптық іріктемелер мен тізімдер жасау, оның ішінде патенттік қор бойынша;
- таныстырылымдар мен көрмелер дайындау;
- құжаттарды сканерлеу, басып шығару және көшіру.