Болашақ бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері инновациялық өндірістік технологиялармен танысты

«Өскемен технология және сервис колледжі» КММ-нің «Өндірістегі 10 күн» іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан филиалының ғылыми-техникалық кітапханасы базасында «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер» мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенттерінің қатысуымен «Жаңа технология – жаңа дағды» атты іс-шара өтті. Бас кітапханашы Алия Мутановна Альмурзина осы тақырып бойынша таныстырылым жасап, қазіргі жағдайда өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар туралы ақпарат берді.