Ұлттық кітап күніне тамаша тарту!

Мереке қарсаңында кітапханамыздың қоры құнды басылымдармен толықты. Белгілі ғалым, PhD докторы Бауыржан Нұржанұлы Сүрімбаев өзінің ғылыми еңбектерін біздің оқырмандарға сыйға тартты. Ұлттық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген тұлғаның бұл қадамы — білімге деген үлкен құрметтің белгісі. Бауыржан Нұржанұлына алғыс айта отырып, баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!